Университеттің Instagram @baitursynov_university парақшасында «АнтикорЛайв» жобасы аясында «Transparency Kazakhstan» агенттігінің бастамасымен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың 2020 жылдағы жай-күйін бақылау» зерттеу нәтижелеріне арналған тікелей эфир өтті. Эфирді тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Серікжан Исмаилов жүргізді. Жоба Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылды.
Әдістеме Transparency International-дің екі жаһандық зерттеулеріне негізделген – халықтың сыбайлас жемқорлық тәжірибесін өлшейтін Жаһандық сыбайластық барометрі және сыбайлас жемқорлық тақырыбының қоғамдық дискурстағы өзектілігін бағалайтын Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі.
Зерттеу барысында анықталғандай көбінесе мәселелені өзгеше форматта шешу Жамбыл, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Павлодар қалаларында орын алған. Қостанай облысы бұл санатта емес.
Сыбайлас жемқорлық фактілері көп тіркелетін мемлекеттік мекемелер: емханалар мен ауруханалар, полиция, салық және өртке қарсы қызметтер, жер қатынастары және қала құрылысы органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік балабақшалар мен университеттер.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық деңгейін 2019 жылмен салыстыратын болсақ, 2020 жылда төмендеу тенденциясын байқауға болады,-дейді мамандар.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл өңірлерінің тұрғындары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектесуге дайын емес аймақтардың көшбасшылары. Бұл аймақтарда теріс жауаптардың үлесі 40% -дан асады. Қостанай облысында бұл көрсеткіш республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, яғни тұрғындардың 65%-ы сыбайлас жемқорлықпен күреске дайын, 10% -ы жауап беруге қиналады, 24%-ы дайын емес.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға деген ниеті оң болғанымен, проблемалық аймақтардығы ахуалды жою бойынша жұмыс жалғасады. Ал Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің жағымды динамикасы жылдан жылға сақталады, өйткені бәрі қоғамның, мемлекеттік органдардың, қоғам қайраткерлерінің осы әлеуметтік зұлымдықпен күресуіне байланысты.