Skip to content

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офис

ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офис 2020 жылғы қаңтар айында құрылды, оның міндеттері:

  • функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде университет әкімшілігі, педагогикалық құрамы және қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын және жауапкершілігін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу;
  • университет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптары мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
  • «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
  • Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және оған қарсы тұру мақсатында әзірленген «Қостанай өңірлік университетінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» 2020 жылдың 02 қарашасында бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисі 2020-2022 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 50 қадам» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарында бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланған, олардың мақсаты университеттің ПОҚ және қызметкерлері ғана емес сонымен қатар ЖОО білім алушыларының бойында да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады.