ҚР БҒМ бастамасымен, 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-да ай сайын "Айдың үздік қызметкері" конкурсы өткізіледі. Конкурс барлық санаттағы қызметкерлердің кәсіби қызметі мен біліктілігінің тиімділігін арттыру, олардың жұмысын университет алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу және негізгі міндеттерді шешу үшін ынталандыру, сондай-ақ сапалы кадр резервін қалыптастыру үшін перспективалы қызметкерлерді анықтау мақсатында өткізіледі.
Айдың үздік қызметкері конкурсқа қатысуға өтінім берген университеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің кандидаттары арасынан анықталады.
Конкурсқа құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы негізінде құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Университеттің қабылданған қызметкерлері университетте бір жыл жұмыс істегеннен кейін конкурсқа қатысуға құқылы. Конкурс ай сайын өткізіледі және ең үздік қызметкерді таңдау есепті айдың қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Оны өткізу үшін университетте комиссия құрылады. Бүгінгі таңда университеттің 27 қызметкері өз жұмысының нәтижелері бойынша үздік деп танылып, Басқарма Төрағасы – университет ректорының грамотасымен марапатталды. Олардың есімдерімен университеттің ресми сайтында танысуға болады. "Үздік" атағын алған қызметкерлерді құттықтаймыз, сондай-ақ байқауға тағы қатысқандардың барлығына жеңіс тілейміз!