Артқа
Лудомания және сыбайлас жемқорлықпен күрес
14.03.2025
Костанайдағы «Адалдық алаңы» кеңсесінде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы профилактикалық жұмысты талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Baitursynuly University атынан жиынға әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор - Нурлыхан ТЕМИРБЕКОВ, комплаенс-қызметінің офицері - Дархан БЕЛГИБАЕВ және жастар саясаты басқармасының маманы - Абылайхан ОСИПОВ қатысты.
Іс-шараны Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастырды. Қатысушылар құмар ойындарға тәуелділіктің зиянды салдарын, ойын мекемелері мен құмар ойындарын ұйымдастыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмау шараларын, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспардың жүзеге асырылуын талқылады.