Skip to content

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Артқа
Әділ, ашық, шынайы
19.12.2024

Бірінші сессия - ерекше толғаныс кезеңі. Baitursynuly University-нің бірінші курс студенттеріне емтихан сынақтарынан өтуге тек оқытушылар мен эдвайзерлер ғана емес, сонымен қатар комплаенс-қызметінің офицері Дархан БЕЛГИБАЕВта көмектесті.

Осы аптада ол ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті мен машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті 1 курс студенттерінің философия пәнінен емтиханына қатысты. Дархан Белгибаевтың басты міндеті - сессияның объективтілігі мен әділ өтуін қадағалап, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Алдағы екі аптада комплаенс-қызметінің офицері ҚӨУ-дің әртүрлі корпустарында өтетін емтихандарға қатысады.