Skip to content

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Артқа
Адалдық және заңға құрмет
21.11.2024

Baitursynuly University комплеанс-офицері Дархан Белгибаев Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі механизмдері мен жастарда тұрақты моральдық құндылықтарды қалыптастыру әдістері талқыланды.

Студенттер арасындағы адалдық, заңға құрмет және белсенді азаматтық позиция қалыптастырудағы университеттің рөліне ерекше назар аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында ҚӨУ академиялық адалдық саясатын әзірледі және “Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.