Алматыда Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен М.Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов пен Алматы қаласы әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен жоғары оқу орындарының ректорларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және жалпы жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тетіктерін жетілдіру бойынша қабылдаған барлық шаралар нәтижелілікті қамтамасыз етеді.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Екі университет біріктірілгеннен кейін студенттер мен қызметкерлер контингенті ұлғайды, қызметкерлер мен білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту мақсатында 2020 жылы университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңсесі құрылды.
Кеңсенің жұмысы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің қызметімен тығыз байланысты, 2020-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 50 ҚАДАМ» ішкі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Осы Жоспарды іске асыру шеңберінде жан-жақты жұмыстар жүргізілуде:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін жетілдіру,
студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру,
университеттің барлық қызметкерлері мен білім алушыларында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу,
академиялық адалдық қағидаларын сақтау.
Барлық процестерді цифрландыру ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бірінші кезекте бұл – электрондық құжат айналымы, сондай-ақ университеттің білім беру порталы, прокторинг жүйесі және студенттерге электрондық қызмет көрсету орталығы.
Кездесу барысында Агенттік республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын ұсынды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасында комплаенс-қызметтерді ашу және оларды әдістемелік қолдау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тек бірлескен күш-жігердің және әркімнің дербес жауапкершілігінің арқасында сыбайлас жемқорлық көріністерін жойып, қоғамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы сіңіруге болады. Еліміздің игілігі мен болашағы әркімнің өз қолында!