Чужинов атындағы Экономика және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров онлайн режимінде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2020 жылдағы қорытынды отырысына қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
«Жалпы алғанда, халықаралық аренада біздің мемлекет Дүниежүзілік Банктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес индикаторы бойынша пайыздық деңгейден екі еседен астам өсіп, Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 38 баллға жетіп, тарихи нәтижелерге қол жеткізді», - деді А.Шпекбаев.
- Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі қалыпты мемлекеттер тобына сенімді түрде ендік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердегі қарқынды прогресс Қазақстанның экономикалық өсуіне және инвестициялық тартымдылығына оң әсерін тигізеді, бұл әсіресе қиын экономикалық кезеңде маңызды»,- деді спикер.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың белсенді қатысушысы, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы офис те бар. Университетте облыста алғашқы педагогикалық этика кеңесі құрылды, құрамына оқытушылар мен студенттер кіретін «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Тоқсан сайын, «Таза сессия» науқаны кезінде анонимді әлеуметтік сауалнамалар өткізіледі.