2021 жылдың 19 мамырында Қостанай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "Адал ұрпақ" ең үздік үгіт-насихат клубы байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурстық қазылар алқасының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент, білім басқармасы өкілдерінен және қоғам қайраткерлерінен басқа А.Байтұрсынов атындағы КРУ қызметкерлері: Аубакирова Зауре Баядиловна, П. Чужинов атындағы экономика және құқық Институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы және Кистаубаева Карина Мирамовна, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық келісім және сенім кеңсесінің басшысы кірді. Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең - "Үздік агит-бригада"таныстыру бейнеролигі:
- 1 орын – Жітіқара қаласы;
- 2 орын – Рудный қаласы;
- 3 орын – Қостанай қаласы.
2 кезең - Үздік әлеуметтік жоба:
- 1 орын-Ұзынкөл ауданы;
- 2 орын-Сарыкөл ауданы;
- 3 орын – Жітіқара қаласы.
3 кезең - «Мен өз елімнің патриотымын!» сурет байқауы:
- 1 орын – Рудный қаласы;
- 2 орын – Меңдіқара ауданы;
- 3 орын – Науырзым ауданы.
Жітіқара қаласының клубы "Адал ұрпақ" үздік клубы болып танылды. Университет қызметкерлері байқауға дайындықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ орта және жоғары буын оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын тәрбиелеуге мектептің үлкен үлесін атап өтті. Сондай-ақ, олар осындай байқау жыл сайын өткізілетініне шынайы тілек білдірді. Байқауға қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз!