2021 жылғы 16 маусымда Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы, "NurOtan" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Жанар Қасымбекқызы Рысбекованың жоғары оқу орындары мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесуі өтті.
Жанар Қасымбекқызы кездесуге қатысушылармен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісті, өйткені 2021 жылы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң бойынша қабылданған өзгерістерге сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді анықтауы тиіс.
Сонымен қатар, ол академияның ISO 37001:2016 "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандартын енгізу және стандарт талаптарына сәйкестікке халықаралық сертификаттау жөніндегі тәжірибесі туралы түсінік берді.
"Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі ұйым басшысына әрбір қызметкердің парасаттылығы туралы алаңдамауға мүмкіндік береді – бұл жүйемен бақыланатын болады. Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және уақытында алдын алуға болады", - деп атап өтті Жанар Қасымбекқызы. - отметила Жанар Касымбековна.