Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офис			
			ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офис 2020 жылғы қаңтар айында құрылды, оның міндеттері:
- функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде университет әкімшілігі, педагогикалық құрамы және қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын және жауапкершілігін қалыптастыру;
 - сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу;
 - университет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту;
 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптары мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
 - «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
 - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
 - Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.