Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адалдықты дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.
Үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегінде экономика және құқықтану мамандықтарының студенттері үшін «Инновациялық даму» қоғамдық ұйымының өкілі Евгений Бедыч «Ақша тарихы, қаржылық сауаттылық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар ақша қатынастары дамуының негізгі кезеңдерімен танысып, күнделікті өмірдегі қаржылық сауаттылықтың маңызын, сондай-ақ жеке қаржыны жауапкершілікпен басқару мәселелерін талқылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, адалдық қағидаттарын, құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Студентер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, сондай-ақ қаржылық жауапкершілік пен этикалық мінез-құлыққа байланысты практикалық жағдайлар мен мысалдарды талдады.
Мұндай өспірімдер мен жастарға арналған шаралар жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, жеке қаржыға саналы көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

