Skip to content

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Артқа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу
30.09.2021

2021 жылы 30 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисінің Басшысы және «П. Чужинов атындағы экономика және құқық», «А. Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының», «В. Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының», «О.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттарының» бірінші курс студенттерінің кездесуі өтті.

Кездесу аясында студенттерге А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жұмысы туралы айтылды.

"Саналы ұрпақ" жобалық офисі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисінің жұмысына, олардың функционалына, мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке уәкілетті тұлғалардың байланыс деректері берілді.

Сонымен қатар, қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, "Алаш" партиясының мүшесі Міржақып Дулатовқа арналған "парасаттылық сағаты" акциясының кезекті кезеңі басталды. Акция аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен студенттерге бейне ролик көрсетілді.

М.Дулатовтың өлеңдер жинағы, "Оян, қазақ" және "БақытсызЖамал" романы халық жадында көрнекті әдеби шығармалар мен халық даналығы мен ізгілігінің үлгісі ретінде мәңгі сақталады.

Жыл сайын Қазақстан Жазушылар Одағы Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлықты алып отырады, ал оның еңбектері парасаттылықтың үлгісі және көптеген ұрпақ үшін адами құндылықтардың эталоны болып табылады.

Оның есімі бүгін біздің облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларымыздың басты көшелерінің біріне тағылады, жыл сайын Студенттер Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қабырғасында оның құрметіне аталған Дулатов оқуларын өткізеді.

Міржақып Дулатовтың өмір тарихы шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.